С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» туындысынан үзінділер оқудың бейнеролигін түсіру арқылы «Үйден шықпай кітап оқимыз!» акциясын өткізуде.
Абайдың 175 жылдығына орай, «Бір ел – бір кітап» студенттік акциясы аясында университет студенттеріне Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» туындысынан кез келген үзіндіні оқып тұрған бейнеролик түсіру ұсынылуда.
Бейнеролик ұзақтығы – 5 минуттан кем емес, роликті мына электронды адреске жіберу керек: ershova_lubov@mail.ru.
Байқауға қатысушылар жұмыстары университет сайтына «ABAI DIGITAL» мобильді қосымшасы арқылы орналастырылатын болады (www.abai.vkgu.kz).
Сіздерден талантты әрі креативті бейнероликтер күтеміз!
Ғылыми кітапхана