Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Үздік куратор» және «Үздік академиялық топ» байқаулары қорытындыланды

ШҚМУ әкімшілік ғимаратындағы «Назарбаевтану» ҒБО-да тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі «ЖОО-ның үздік кураторы» және «Үздік академиялық топ» дәстүрлі байқауларын ұйымдастырды.

«Үздік куратор» байқауында бас жүлдені «Физика» мамандығы академиялық тобының кураторы Гүлжанат Ботабаева жеңіп алды. Ал, «Үздік академиялық топ» байқауының бас жүлдесін «Физика» мамандығының 3 курс тобы иеленді, кураторы – М. Жапарова.

Мына аталымдар бойынша қорытынды шығарылды: «Кәсіби топ» – «Аударма ісі» мамандығының 3 курсы, «Тату топ» – «Физика» мамандығының 2 курсы, «Шығармашыл топ» – «Материалтану» мамандығының 3 курсы, «Көңілді топ» – «Қаржы» мамандығының 2 курсы, «Іскер топ» – «Технология» мамандығының 2 курсы, «Заманауи топ» – «Аударма ісі» мамандығының 1 курсы.

Жеңімпаздар «Студенттік көктем» гала-концертінде ақшалай сертификаттармен және грамоталармен марапатталады.

Қазақ
× You found a Typo