Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Үздік оқырман» сайысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымы университет кітапқұмарлары арасында «Үздік оқырман» сайысын өткізді.

Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабын 15 күн ішінде оқып, арнайы әзірленген 50 сұраққа жауап беру арқылы шын мықты анықталды.

«Үздік оқырман» болып магистрант Арайлым Панабек атанды, 1 орынды небәрі екі балл аз жинаған ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс студенті Ербол Тұрсынбаев, 2 орынды 1 курс студенті Айнамкөз Қанатбек еншіледі.

Тартысты бәсекеге қатысқан барлық студенттерге алғысымыз шексіз!

Кітапсүйер қауымның алдында өз өнерін көрсеткен «шамшырақтық» жастарға «Тек алға!» дейміз.

«Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымы

Қазақ
× You found a Typo