- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен бірінші курс старосталарына арналған «Үздік староста-2019» танымдық байқауы өтті.
Байқау старосталардың жан-жақты қабілетін дамыту мақсатында «Мен және менің группам» (таныстыру), «Сұрақтар бекеті», «Миға шабуыл» (ситуациялық жағдаяттар), «Үй тапсырмасы» сияқты төрт кезеңнен тұрды.
Тартысты байқауда бас жүлдені химия мамандығының 1 курс студенті Ақгүл Бауыржанова алды.
Көрермендерден тағы да танымдық кештер мен байқаулар ұйымдастыруға көп ұсыныс түсті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті