Педагогика, психология және мәдениет факультетінің онлайн-әдістемелік онкүндігі аясында Zoom платформасы арқылы «ШҚО-ның ән шығармашылығы» іс-шарасы өтті.
Іс-шарада музыкалық студия-зертхананың жетекшісі Ю. Ананьев (музыкасы) пен А. Овчинникованың (сөзі) «Фонтаны Петергофа» әнінің тұсауы кесілді.
Сондай-ақ, қатысушылар шығысқазақстандық әртістердің орындауындағы «We are the world» әнінің премьерасын тыңдады.
Іс-шара мақсаты – музыка кафедрасы студенттері мен оқытушыларын ШҚО ән шығармашылығымен таныстыру.
Баспасөз қызметі