Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да заманауи ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №7 ғимаратында Компьютерлік  модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы Сандық технологиялар және модельдеу зертханасымен бірге семинар өткізді.

ШҚМУ-дың ғылым апталығы аясындағы семинарға университет оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, магистранттары, студенттері қатысты.

Семинар заманауи ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелеріне арналды.

5 ғылыми баяндама тыңдалды, олардың ішінде тыңдаушылар қызығушылығын тудырғандары – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Әміренова Дана (жетекшісі – Тілебалдинова А.С.), «Сандық гуманитаристика» мамандығының  1 курс студенттері Нұрланов Олжас пен Жақпекова Раушан (жетекшісі – Әубәкірова Ж.С.), «Информатика» мамандығының 4 курс студенті Шәден Әлидің (жетекшісі – Кәрменова М.С.) баяндамалары.

Аталған студенттерді ШҚМУ ҒЖ және ХҚ департаментінің директоры С. Ковалев грамотамен марапаттады.

Компьютерлік  модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы,

Сандық технологиялар және модельдеу зертханасы

Қазақ
× You found a Typo