Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да заңгер Ермек Әбдірасылов дәріс оқыды

4 желтоқсанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Жоғарғы Соттың жанындағы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Баяхметұлы Әбдірасылов дәріс оқыды.

Дәріс тақырыбы: «Елбасы Жолдауына орай сот жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері».

Профессорды Экономика және құқық факультетінің студенттері, магистранттары, оқытушылары тыңдады. Іс-шараға сот, прокуратура, әділет органдарының өкілдері, ШҚМУ заң факультетінің түлектері де қатысты.

Жиын барысында тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, заң үстемдігін қамту, судья мәртебесін көтерудің тегершіктері, шет елдердің судьяларды іріктеу тәжірибесі сынды сан алуан мәселелер қаралды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo