Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да заңгер-студенттер облыстық Әділет департаменті өкілдерімен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ заңтану мамандығының студенттері Әділет департаменті мамандарымен кездесті.

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Байыркенованың айтуынша, облыстық Әділет департаменті – заңтану білім бағдарламасын іске асыруда ШҚМУ серіктесі. Департаментте ЖОО заң кафедраларының филиалдары жұмыс істейді, студенттер мен магистранттар сонда тәжірибеден өтеді.

Кездесуде заңдық көмек көрсетудің, ұйымдастырудың, құқықтық насихат жүргізудің мәселелері талқыланды.

Департамент басшысының орынбасары Ермек Қорабаев әділет органдарының Елбасы Жолдауы, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы міндеттерін, атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Болашақ заңгерлер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап ала алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo