Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да заңнамадағы өзгерістер түсіндірілген кеңес өтті

6-7 желтоқсан аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, профессорлық-оқытушылық құрамы қатысуымен жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту бойынша кейбір заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ университеттегі оқу үрдісін жаңа құжаттарға сәйкес ұйымдастыру бойынша жиналыс өтті.

Кездесуге қатысушылар білім беру үрдісін реттейтін нормативтік құжаттарға енгізілген жаңалықтармен танысты.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау бағыты бойынша жіктеуіші» аясында жүзеге асырылған танымал білім беру бағдарламаларын әзірлеуде университеттің рөлі ерекшеленді.

Педагогикалық және оқытушылық мамандарды іріктеуге қойылатын талаптарға және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысты өзгерістерге ерекше көңіл бөлінді.

Нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді ескере отырып, кафедраның оқытушылық-профессорлық құрамына ғылыми басылымдардың санын көбейту, оқу-әдістемелік әдебиеттерді құрастыру және біліктілік деңгейін арттыру бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo