Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да жалпы білім пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 3-6 қаңтар аралығында ШҚО білім басқармасының жоспарына сәйкес «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың жалпы білім пәндері бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізуде.

Олимпиада мақсаты – оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау.

Қатысушылары – аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары,
9-11 сыныптардың 740 оқушысы.

Олимпиада 15 пәннен 2 айналымда (теориялық және тәжірибелік) өткізіледі: «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Құқықтану», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі».

Олимпиаданың І айналымы (теориялық) 2019 жылдың 4 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де;

Олимпиаданың ІІ айналымы (практикалық-эксперименттік) 2018 жылдың
5 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де.

 Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындау орталығы

Қазақ
× You found a Typo