13 маусымда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ректор Мұхтар Төлегеннің жетекшілігімен «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» дәрісі өтті. Іс-шараға университет ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Дәрісте «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында қазақшаланған оқулықтар талқыға салынды.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырып жатыр. Әлемнің қоғамдық, гуманитарлық саладағы үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару идеясы Елбасыға тиесілі, – деді ректор.
Бүгінде 18 оқулық жарық көрді, оның 16-сы ағылшын, біреуі француз, біреуі орыс тілінен аударылған.
Дәріс барысында оқытушылар Ж.А. Қалимолдина, Э.О. Столярова, Г.К. Қойшинова, Е.Ж. Сейтембетов, Б.Н. Бияров кітаптар жайында өз ойларын ортаға салып, оларды жоғары бағалады.
– Алдағы оқу жылынан оқыту осы оқулықтар бойынша жүргізіле бастайды. Қазір әдістемелік құжаттамаларға өзгерістер енгізілуде. ШҚМУ-ға 1790 дана оқулық беріліп отыр, – деді проректор А. Мырзағалиева.
Жаңа оқулықтармен ШҚМУ кітапханасынан, 100kitap.kz сайты, Ұлттық аударма бюросы сайты арқылы танысуға болады.
25 маусымға дейін барлық ЖОО қызметкерлері Ашық университет порталына ғалымдардың онлайн-курстарына қол жеткізу үшін қосылуы тиіс.
Баспасөз қызметі