«Экономикалық және құқықтық зерттеулер» орталығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу үрдісіне жаңа оқулықтарды енгізу бойынша семинар өтті.
«G-Global» алаңындағы «Экономикалық және құқықтық зерттеулер» орталығында өткен әдістемелік семинарда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу үрдісіне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған оқулықтарды енгізу мәселесі қаралды.
Іс-шараға экономика және құқық факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.
Экономика және басқару кафедрасының оқытушылары студенттер мен магистранттарға экономика және менеджмент, кәсіпкерлік бойынша жаңа оқулықтардың мазмұны, экономикалық пәндерді оқытуда оларды қолдану қажеттігі жайында айтып берді.
Оқу үрдісінде оқулықтарды пайдаланудың әдістемелік тәсілдері көрсетілді. Семинарға қатысушылар білім беру үрдісіне жаңа оқулықтарды одан әрі енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі.
Қосымша кәсіптік білім беру институтының «G-GLOBAL» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығы