Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да жаңа кадрлық тағайындаулар болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да – төрт жаңа кадрлық тағайындау.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті деканының міндеті атқарушы болып техника ғылымдарының кандидаты, математик-оқытушы Мұратқан Нәбенұлы Мадияров тағайындалды.

1985 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1989 жылдан ӨПИ алгебра және сандар теориясы кафедрасында оқытушы, зерттеуші-стажер, алгебра және геометрия кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етті. 

2001 жылдан – ҚазҰТУ ШҚ филиалында аға оқытушы, 2003 жылдан ШҚАУ аға оқытушысы, 2008 жылдан ШҚМУ математикалық талдау кафедрасының аға оқытушысы, кейін доценті, математика кафедрасының меңгерушісі, профессоры, доценті.

«Өрлеу» орталығында, Валенсия университетінде (Испания), НЗМ педагогикалық шеберлік орталығында біліктілік арттыру курстарынан өткен.

Жаратылыстану ғылымдарының (математика) магистрі Әсемгүл Ескендірқызы Құдайбергенова қашықтық технологиялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2006 жылы ШҚМУ-ды «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша, 2017 жылы ШҚМТУ-дың магистратурасын математика мамамандығы бойынша бітірген. 2006-2017 жылдары – ШҚМУ АТО қызметкері, кейін – ШҚМТУ-дың инженер-бағдарламашысы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қайта даярлықтан өткен.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo