С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми оқу залында жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі өтуде.
Көрме «Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: теориядан – тәжірибеге» әдістемелік практикумы аясында ұйымдастырылған.
Қатысушылар назарына «Алматыкітап», «Атамұра», «Көкжиек» баспаларының мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары ұсынылуда.
Ғылыми кітапхана оқытушылар мен практкумға қатысушыларды 229 дәрісханада сағат таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін күтеді.
Баспасөз қызметі