Маркетинг, мансап және еңбекпен қамту орталығы ҰБТ тапсырған талапкерлер арасында ақпараттық-түсініктеме жұмысын жүргізді.
19 қаңтарда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ақылы оқуға түсуге ниет білдірген талапкерлерге арналған 2018-2019 оқу жылындағы алғашқы Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті.
Талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, түсу кезіндегі жеңілдіктер, ШҚМУ-да оқудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылды.
Баспасөз қызметі