Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Жаңартылған білім мазмұнындағы инновациялық технологиялардың тиімділігі» семинары өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Жаңартылған білім мазмұнындағы инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.

Іс-шара Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы оқытушыларының қатысуымен өтті.

Семинарда филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Сейпутанова «Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері», филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Айтмұқашова «Жаңартылған білім мазмұны бойынша инновациялық технологиялардың тиімділігі», филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Әлімхан «Білім берудегі инновациялық үдерістер» баяндамаларын жасады.

Оқытушылар біліктілікті арттыру курстарында үйренген оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo