Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да жаңажылдық кеш өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Жаңа жыл мерекесі болып өтті. Оқытушылар мен қызметкерлерді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген құттықтап, осы жылы еңбекте ерекше табысқа жеткен оқытушыларға наградалар табыс етті.

Келесі кезекте ШҚМУ-дың құрметті ректоры, ҚАЕУ президенті, химия ғылымдарының докторы, академик Ережеп Мәмбетқазиев сөз алды. 1991 жылы Ережеп Әлқайырұлының бастамасымен Өскемен педагогикалық институты ШҚМУ болып қайта құрылды. ШҚМУ – елдегі үшінші, Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған алғашқы ЖОО.

Бұдан соң құттықтау сөз кезегі стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Ровняковаға берілді.

Университеттің 2018 жылғы жетістіктері көрсетілген бейнебаян фонында алғыс хаттар табысталды.

Сонымен, байқау қорытындысы бойынша «Жылдың үздік оқытушысы» – Раиса Әнуарқызы Орсаева (қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті), «Жылдың үздік зерттеушісі» – Людмила Иосифовна Квеглис (физика және технологиялар кафедрасының профессоры), «Жылдың үздік жас зерттеушісі» – Ақатан Қыдырмолла (аға ғылыми қызметкер), «Жылдың үздік әдіскері» – Жанар Өтегенқызы Смайылова (психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы), «Жылдың үздік қызметкері» – Гүлнұр Дәулетханқызы Шарапиева (ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінің маманы), «Жылдың үздік кафедрасы» – биология кафедрасы (кафедра меңгерушісі Алмаш Анашбайқызы Кітапбаева), «Жылдың үздік факультеті» –Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті (факультет деканы – Досым Ерболатұлы) болып танылды.

Музыкалық білім беру кафедрасының доценті Альмира Бекқазықызы Нұрғожина «Ы. Алтынсарин» кеуде белгісімен наградталды.

Білім және ғылым министрлігінің грамотасы алғашқы әскери дайындық кафедрасының профессоры Гүлмира Зәйнелқызы Зәйнеловаға табысталды.

– Достар, бүгін тосынсыйлар мен марапаттар көп болады. Сапа менеджменті бөлімі «Жыл тұлғасы» атты дәстүрлі сауалнама жүргізіп, ұжымдағы ең танымал тұлғаларды анықтады. Жеңімпаздар аттарын бүгін білеміз. Сондай-ақ, сіздерді бейне құттықтаулар күтеді, – деді кеш жүргізушілері.

Расында да жүргізушілер берген уәделер орындалып, кеш көңілді, қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.

Фото https://cloud.mail.ru/public/AL5v/97UNiaKzR 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo