Барлық курстар студенттері үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №5 оқу ғимаратының акт залында мерекелік жаңажылдық бал өткізілді.
Салтанатты шараға арулар кешкі көйлек, жігіттер костюм киіп келді.
Бағдарлама аясында концерттік, шығармашылық номерлермен және Аяз ата құттықтауымен қатар, оқу орнының белсенділерін грамоталармен марапаттау рәсімі де өтті.
Сонымен қатар, «Үздік бөлме» анықталды. Ол – №3 Үйдің студенттер бөлмесі.
Баспасөз қызметі