Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша онлайн-конференция өтті

21 мамырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, «SHYGYS ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесімен бірлесіп, ШҚО білім беру мекемелерінің директорларымен жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-конференция өткізді.

2019 жылдан Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мақсатында «ШҚМУ – адал университет» жобасы жүзеге асырылуда.

Конференция жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналды. Конференцияға білім беру ұйымдарының 200-ден астам қызметкері қатысты. Олар – мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің, колледждердің директорлары, оқытушылар және мұғалімдер.

Конференция модераторы, ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген Абайдың ұлы мұрасының «ШҚМУ – адал университет» жобасын жүзеге асырудағы маңызы туралы атап өтті.

«SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, оларды шешу бойынша ұсыныстарды айтты.

Қайыржан Ахметбекұлы ШҚМУ басшылығына «SANALY URPAQ» жобасын жүзеге асырудағы креативті тәсілдері, жастар бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, спикер ШҚМУ-дың Абай мұрасын зерттеу және насихаттау тәжірибесін Шығыс Қазақстан облысының оқу орындары арасында таратуды, ең алдымен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда қолдануды ұсынды.

Конференцияға қатысушылар осы тақырыпты басқа конференциялар мен вебинарларда қарастыруды жалғастыру туралы ұсыныс жасады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo