Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәрістер ұйымдастырылуда

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Нұрсалауат» жастар орталығымен бірлестікте «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәрістер ұйымдастырылуда.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қыздар мен ұлдарға арналған«Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәрістер өткізілуде. Қыздарға дәрісті пікір алмасу, сұрақ-жауап түрінде акушер-гинеколог Ю.В.Якушева жүргізді.  

Юлия Витальевна Якушева «Репродуктивті денсаулық – өмірдің кез-келген сатысында өсімпаздық жүйенің ауру-сырқаттары болмаған жағдайдағы толық физикалық, ақыл-ой әлеуметтік саулығы. Репродуктивті денсаулық сақтау – әр адам үшін маңызды. Жеке гигиенаны сақтасаң – өзіңнің және болашақ ұрпағыңның денсаулығының сау болуына жол» - деп түсіндірді.

Ұлдарға арналған дәрісті ШҚО онкологиялық диспансер урологы Х.Умурзаков жүргізді. Хусан Умурзаков репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар болып зиянды әдеттер (шылым, ішімдік, есірткі заттары), жыныстық қатынасқа ерте жастан бару, жыныстық жолмен таралатын аурулар және кіші жамбас аймағындағы жұқпалы аурулар репродуктивті денсаулыққа зиянды әсер ететіндігін түсіндірді.

Әр бір адам өз денсаулығына, тазалығына, ой тазалығына аса мән бергендігін басып айтты.

Іс-шара соңында ШҚО ақпараттық қолдау қоры студенттерге «Отбасы құндылықтары» тақырыбы бойынша ақпараттық беттер, күнтізбелер, блокноттар таратты.

ТЖж/е ӘМ бөлімінің маманы,

Аманжолова Н.

Қазақ
× You found a Typo