- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Жастар ісі жөніндегі комитеттің басшылығымен «Жайдарлы жастар» жайдарман ойыны өтті.
Ойын «Қамқор бол» акциясы шеңберінде Студенттер үйлері арасында ұйымдастырылды.
Жарыста №1 Студенттер үйі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды №3 Студенттер үйі, үшінші орынды №4 Студенттер үйі иеленді. «Үздік әзіл» номинациясымен «№5 Студенттер үйі» тобы, «Үздік ойыншы» аталымымен «Қарапайым жігіттер» тобының ойыншысы Назарбек Бекболат марапатталды.
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне университет жастарының белсенділігі, Студенттер үйлері арасындағы достық, бауырмалдық қарым-қатынас және өнерге деген құштарлық себеп болды. Үлкен дайындық, салмақты әзілдеріңіз үшін зор алғыс сіздерге, жас өнерпаздар!
Әбубәкір Марлен, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы