ШҚМУ-да Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс» салтанатты концерті болып өтті.
Салтанатқа ШҚМУ-да еңбек еткен соғыс және еңбек ардагерлері, ЖОО студенттері мен оқытушылары қатысты.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі ұйымдастырған концертте музыкалық білім кафедрасының студенттері мен оқытушылары өнер көрсетті.
Акт залында өткен концерттің басында қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды
Ал концерт соңында көрермендер тік тұрып «Жеңіс күні» әнін әртістермен бірге орындап шықты.
Баспасөз қызметі