Біліктілікті растау орталығында 15 қаңтардан 25 қаңтарға дейін Жоғары колледж оқытушыларына арналған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың әдістемелік амал-тәсілдері» біліктілік арттыру курстары өтеді.
Бағдарлама мақсаты – білім мазмұнын жаңарту кезеңінде педагогтардың кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тереңдету. Курстарды «Тіл әлемі» орталығының жетекшісі А.Сайлыбаева жүргізуде.
Курс тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды, олар ұсынылған материалдардың мазмұндылығын және қажеттілігін атап өтті.
Баспасөз қызметі