С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «ЖОО автономиясы жағдайында білім беру бағдарламаларының менеджменті» оқыту семинар-тренингі өтті, оған кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен құрылымдық бөлімшелер жетекшілері, сондай-ақ серіктес жұмыс берушілер қатысты.
Семинар мақсаты – жоғары оқу орындарындағы академиялық саясат тиімділігін арттыру мақсатында оқытушылар мен бөлімше жетекшілерінің кәсіби дағдыларын, құзіреттіліктерін дамыту.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы стратегиялық менеджментті және жобалық басқаруды қолдану мәселелерін қозғады, озық университеттердің білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқыту нәтижесін бағалау жүйесін қолдану бойынша тәжірибелерімен таныстырды.
«ҮМЗ» АҚ ғылыми орталығының басшысы М. Қылышқанов металлургия саласындағы еңбек нарығы, қандай мамандықтар сұранысқа ие екені туралы айтты.
Баспасөз қызметі