ШҚМУ-да облыс әкімінің орынбасары Ә. Нүсіпованың жетекшілігімен Шығыс Қазақстандағы ЖОО және колледж басшылары қатысқан кеңес болып өтті. Жиында Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» студенттерді жатақханалармен қамту міндетінің іске асырылу барысы талқыланды.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принципі бойынша жатақханалар салу модельдерін «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Т. Матаев пен аға кеңесшісі А. Садықова ұсынды.
Жиында құрылысты қаржыландыру, жатақханаларды қайта құру тегершіктері ашық талқыланды.
ЖОО-лар мен колледждер басшылары «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ өкілдеріне өз ұсыныс-тілектерін айтты.
Ректорат