Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да жұмыс берушілердің қатысуымен информатика бойынша білім беру бағдарламалары жөніндегі Академиялық кеңес комитеттерінің отырыстары өтті

«Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасында Академиялық Кеңестің бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша комитеттер отырыстары өтті

Кафедра меңгерушісі Ж.З.Жантасова жұмыс берушілерді, мамандартүлектерін, студенттерді және магистранттарды жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа нормативтік құжаттардың тізімімен таныстырды. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау кафедра қызметкерлеріне инновациялық технологияларды енгізу, көп тілді білім беруді ұйымдастыру арқылы еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыратын құзыреттілікке ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді, ал жұмыс берушілер сәйкесінше, білім беру жүйесінің заманауи реформаларын түсінетін, практикалық дағдыларға ие түлектердіжұмыспен қамтамасыз ете алады.

Комитет отырысында келесідей білім беру бағдарламалар мазмұны талқыланды: 6В015030 - «Информатика», 6В0108803-«Математика-Информатика»,  7М01503-«Информатика»; 6В06101 «Информатика» және 6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103-«Компьютерлік мехатроника», 7М06101 - «Информатика.

Осы білім беру бағдарламаларын қарастыру барысында білім беру мазмұны бойынша жаңа талаптар: кәсіби стандарттарға назар аудару, критериалды бағалау механизмі, инновациялық оқыту әдістері, оқытуға студенттерге бағытталған көзқарас және т.б. ескерілді.

Талқылау әрбір оқу бағдарламасының траекториясын, элективті пәндер тізімін, жұмыс берушілердің қолдауымен ұйымдастырылатын өндірістік тәжірибенің әртүрлі түрлерінің маңыздылығын анықтауға мүмкіндік берді. Білім беру бағдарламасын дамытудың маңызды бағыты ҰКП «Атамекен» жүргізген білім беру бағдарламасының рейтингтік параметрлері болып табылады.

Білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс берушілер: Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу өндірістік комбинаты» КММ басшысы - Искаков Б.А., Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясы» басшысы - Жаркембаев Е.К., А.Байтұрсынов атындағы №20 мектеп оқытушысы - Габитова Ж.Ш. және студенттер мен мамандықтүлектеріөз ұсыныстарымен бөлісті.

Отырыс қорытындысында білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша ұсыныстар қабылданды, элективті пәндер каталогының (ЭПК) мазмұны жаңартылды.

                                                                                          Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

 

Қазақ
× You found a Typo