С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да соңғы курс студенттерінің кураторларымен жұмысқа бөлу сұрақтары бойынша кездесу өтті.
Кездесу 2020 жылы мемлекеттік білім гранты (оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квота) бойынша оқуды жалғастыратын студенттерді жұмысқа бөлу процедурасын түсіндіру мақсатында өтті.
Сонымен қатар, кураторлар жұмысқа бөлу циклограммасымен танысты.
Еске сала кетсек, Білім туралы заңға сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде (оның ішінде, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» жобасы аясында және ауылдық квота бойынша) түскен азаматтар үш жыл ішінде жұмыс өтеу міндетті.
Қосымша сұрақтар бойынша Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығына хабарласуға болады (№1 оқу ғимараты, 123 кабинет).
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы