Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Журналистік зерттеу» пәнінен ашық сабақ өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратының «Рухани жаңғыру» залында журналистика мамандығының 4 курс студенттеріне «Журналистік зерттеу» пәнінен ашық сабақ өтті.

Гүлмира Бекбосынова сабақтың барысында жалпы журналистік зерттеу туралы түсінік бере отырып, ашық сабақтың мақсатын түсіндірді. Ашық сабақтың соңғы аптаға қойылуының себебін журналистік зерттеу жасауға көп уақыттың кететіндігімен байланысты екенін айтып өтті. Пән аясында журналистік зерттеу жасау үшін студенттерге тақырыптар бөлген болатын.  Бір семестр бойы журналистік зерттеу жасаған студенттер өз жұмыстарын ашық сабақта қорғады.

Бірнеше ай бойы тыңбай еңбек етіп, зерттеу жасаған студенттердің көтерген мәселелері қоғамда өзекті. Атап айтсақ, «Өскемен жастары қайда қыдырады?», «Қазақстандағы вегетерианшылдықтың рөлі қандай?», «Жеңіл ақша көзімен («Кьюнет» компаниясы туралы)», «Қазақстандағы вайн саласының ерекшелігі», «Sony PlayStation ойынының зияны» сияқты тақырыптарына журналситік зерттеу жасалып, өз деңгейлерінде қорытынды жаслынды. Ашық сабақ соңында студенттер «Бес бармақ» рефлексия (+ кері байланыс) әдісі арқылы зерттеу жұмысы барысында қандай әсер алғандарымен бөлісті.

Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар Айтмұхамбет Қасымұлы мен Назгүл Тоқтағанқызы әр студенттің жұмысына тоқталып, зерттеу жұмыстарының журналистік этика, журналситік жауапкершілік, БАҚ  заңының барлық талаптарына сай орындай отырып жасалғандығы туралы атап айтты. Болашақта тақырыптарын әлде де зерттеп, БАҚ-та жариялайды деп сенім білдірді.

Жадыра Мажибаева,

журналистика мамандығының 4 курс студентті

Қазақ
× You found a Typo