Тұңғыш Президент қоры баспасөз қызметінің жетекшісі Ақерке Берлібай ШҚМУ студенттеріне арнап «Әлеуметтік медиа: цифрланған әлемдегі SMM және PR саласының үздік тәжірибелері» тақырыбында шеберлік сыныбын жүргізді.
Ақерке Берлібайдың айтуынша, цифрлық технологияларды қолдану арқылы мобильді журналистика қарқынды дамуда.
Мобильді журналистика, оның ішінде онлайн-журналистика танымал, ыңғайлы, жедел әрі интербелсенді, сондай-ақ оқырманның уақытын үнемдейді.
Айталық, смартфонға фото не видео түсірген журналист өзі дереу монтаж жасап, әлеуметтік желі, блоктар арқылы таратады.
Студенттер ақпаратты оқырманға жеткізудің форматтары туралы мәлімет алды, блогерлік, әлеуметтік желілер, пиар ұйымдар туралы білді, «контент-маркетинг» (посттардың мазмұны), «фото-видеоконтент», «рубрикатор» ұғымдарымен танысты.
Кездесу соңында А. Берлібай студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Баспасөз қызметі