Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жас ғалымдардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында жариялаған Жастар жылы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жылдың үздік жас ғалымы» атағына байқау өткізеді.
Байқау мақсаты – университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ болашақ ғылыми кадрларды даярлау.
Байқауға 35 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар және университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
- «Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы»;
- «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы».
Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар беріледі:
I орын – 100 000 тг.
II орын – 50 000 тг.
III орын – 25 000 тг.
Өтінімдер 2019 жылдың 9 қаңтарынан бастап 1 ақпанына дейін ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінде қабылданады. Мекенжайы: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 243 каб., электронды пошта: naukavkgu@mail.ru.
Тел.: 8/7232/540-311, +7702-910-30-05.
«Жылдың үздік жас ғалымы» байқауының ережесі
https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/nauka/poloj_o_konk_luch_mol_uch.pdf
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі