Жеңіс күні қарсаңында ШҚМУ-да дәстүрге сай ардагерлер үшін мерекелік дастархан жайылды.
Университетте еңбек еткен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Ровнякова, университет қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Н. Аяғанова құттықтады.
Естеріңізге салсақ, тағайындалғаннан кейінгі алғашқы кездесуін ректор ШҚМУ ардагерлерінен бастаған-ды.
Ардагерлер шараға наградалары мен Жеңіс ленталарын тағып келді. Мереке дәстүрлі бір минут үнсіздікпен басталды. Дастархан басында ардагерлер емен-жарқын әңгімелесіп, балалық, жастық шақтарын еске алысты, соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, би биледі... Дастарханда түрлі салаттар, палау, еттен жасалған закускалар, ірімшік, картоп пюресі бар котлеттер, бауырсақ, кәмпиттер, жеміс-жидектер самсап тұрды.
Мереке ардагерлерге сыйлықтар табыс етумен және естелік суретке түсумен аяқталды.
Баспасөз қызметі