Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дағы семинарда картоп пен күнбағыс тұқым шаруашылығында биотехнология әдістерінің қолданылуы талқыланды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасында «Картоп пен күнбағыс тұқым шаруашылығында биотехнология әдістерінің қолданылуы» ғылыми семинары өтті.

Семинарды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасы және «Ұлан Жеміс» ЖШС ұйымдастырды.

Семинарда бірегей және элиталық тұқым шаруашылығының жүйесі, супер ерте және ерте пісетін картоп сұрыптарын бағалау және іріктеу, бастапқы материал тәлімбақтарын жүргізу, вирустық және бактериялық инфекцияларды анықтауға арналған иммун-ферментті талдау әдістерін қолдану тақырыптары бойынша баяндамалар жасалды.

Сондай-ақ, қатысушылар ШҚО-дағы күнбағыс ауруларын және сұрыптарды сауықтырудың биотехнологиялық әдістерін талқылады.

Семинар соңында қатысушылар сертификаттарға ие болды.

Іс-шара барысында ШҚМУ мен «Ұлан Жеміс» ЖШС шығарған келешегі зор картоп сұрыптарының көрмесі өтті.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo