19 қаңтарда ШҚМУ базасында Білім және ғылым министрінің 30 қарашадағы №658 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ҰБТ өтті.
Тестілеуге қатысу үшін 2018 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында 378 өтініш қабылданды, оның ішінде 243-і – орта білімі барлар, яғни облыс орта мектептерінің түлектер, 23-і – басқа мамандыққа ауысуға ниет білдірген ШҚМУ студенттері, 112-сі – ҚАЕУ студенттері.
ҰБТ-ға 344 адам қатысты. Олардың орташа балы – 63. ШҚМУ студенттерінің орташа балы – 61,6.
Тестілеуді БҒМ өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік комиссия өткізді.
Баспасөз қызметі