- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскеменде «StartupBolashak, 3 маусым: Менің Арманым» конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті, оған ШҚМУ студенттері де қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, қатысушыларға жеке істерін ашуға қолдау білдіру. Жарыс жұмысына үздік халықаралық менторлар, жаттықтырушылар мен спикерлер қатысты.
Өңірімізден 117 өтінім түсіп, іріктеу кезеңіне 17 жоба алынды. Ширек финалға 12 жоба өтті. Оның екеуі ШҚМУ-дан: қазақ тілі мамандығы бойынша 2 курс студенті Назерке Серікованың «Балаларға арналған таксопарк», «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша 2 курс магистранты Нұрлан Досмұраттың және «Музыка» мамандығы бойынша 3 курс студенті Тұрсын Өркештің «Қазақ ертегілеріне негізделген ұлттық ойыншықтар» жобалары.
11-13 мамырда Астана қаласында олар ШҚМУ-дың ғана емес бүкіл облыстың намысын қорғайды. Бұл кезеңге елімізден 500 жоба қатысады. Оның 100-і іріктелініп алынады. Үздіктерді екіапталық жазғы мектеп, жартылай финал мен финал күтеді.
Біздін instagram және facebook тіркелініз
Баспасөз қызметі,
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы