Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де «100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру» тақырыбында университеттің Әдістемелік кеңесінің отырысы өтті

2018 жылдың 17 сәуірінде университетте Әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында басты мәселе «Жаңа гуманитарлық білім: 100 қазақ тілінде жаңа оқулықтар» жобасы аясында жарияланған жаңа оқулықтардың тұсаукесері талқыланды. 
Әдістемелік кеңестің мүшелері, сондай-ақ шақырылған қатысушылар жобаның бірегейлігін, қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеудегі маңыздылығын - бүкіл білім беру жүйесі мен еліміздің әрбір азаматының алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

Ровнякова Ирина - тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к. - «Жаңа гуманитарлық білім: 100 қазақ тілінде жаңа оқулықтар» жобасының аясында, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ін қоса алғанда, барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін, мемлекет Басшысы Н.А. Назарбаев бастамасы бойынша әлемдегі үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударылып, оқуға мүмкіндік беретіндігін және университетке тегін жіберілетіндігін айтып өтті.

Жанбосинова Альбина - Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д   - діни зерттеулер, әлеуметтік психология, антропология, басқару және басқа да пәндер бойынша үздік кітаптар еркін қол жетімді екеніне баса назар аударады. Жоба аясында таңдалған оқулықтар 37 тілдегі 42 елде жарияланды, олардың жалпы айналымы шамамен 47 млн. Кітаптар студенттерге әлемнің ғылыми классикасының шедеврлерін түсінуге, ғылыми көкжиектерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Стеблецова Ирина - академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің міндетін атқарушы,  и.о. директора департамента академической политики и управления образовательными программами, п.ғ.к. - әлемдегі үздік ғылыми әдебиеттер тізімінде 800 атаудың бар екендігін айтты.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тіліне аударуға қажет ең жақсы оқулықтар туралы ұсыныс жасады. Ұсынылған басылымдар тізімінде - университеттің үш ғалымыдарының кітаптарі - Алексеенко Н.В., Ибиябаев С.К. және Өскембай Ә.А.  Әсіресе, университетке жіберілген 18 жаңа аударылған оқулық жаңа оқу жылынан бастап оқу жоспарларына енгізілетін болатындығын атап өтті. Бұдан басқа, ШҚМУ оқытушылары «Жаңа гуманитарлық білім: 100 қазақ тілінде жаңа оқулықтар» жобасын жүзеге асыруға белсене қатысады, кітаптарын шығарады. Бұл, ең алдымен, ШҚО тарихымен, аймақтың қасиетті жерлерімен байланысты басылымдар.

Университеттің әдістемелік кеңесі аясында жоспарлы мәселелер талқыланды. Сонымен, «Басқа ЖОО-ға ауыстыру мәселесі және академиялық мобильді білім алушылардың қайта сынақтан өту жүйесі: жағдайы мен мәселелері» бойынша оқу үрдісін бақылау және ұйымдастыру бөлім бастығының міндетін атқарушы  Н.Ә. Сәдірбекова мәлімет берді.

«ҚР-да білім беру мазмұнын жаңарту контекстінде университеттің және шетел серіктестерінің бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру» мәселесі бойынша  математика кафедрасының меңгерушісі Е.К. Ергалиев пен  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті  Е.Н. Егоренкова мәлімдеді. Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту контекстінде университет оқытушылары мен студенттерінің тілдік дайындықтары туралы -«Тіл әлемі» көптілдік білім беру орталығының жетекшісі  М.Ж. Калелова айтып берді.

«Әртүрлі» күн тәртібінде 2018-2019 оқу жылына арналған кафедра мамандықтары бойынша элективті пәндер бойынша оқу бағдарламалары, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттер мен электрондық білім беру ресурстарын жариялау бойынша ұсыныстар бекітілді.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo