Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де «Абайтану» пәнін оқыту» біліктілікті арттыру курстары өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Кәсіби даярлық және  біліктілікті арттыру  ресурстық орталығы 1-18 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған 72 сағаттық көлемде  «Абайтану» пәнін оқыту» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курсты филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, «Абайтану» ғылыми-зертте институтының директоры Картаева Айжан Маратбекқызы он-лайн режимде жүргізді.

 Курс барысында мектеп мұғалімдері Абайдың ғұмырнамасы мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысты. Абайдың әдеби ортасы мен нәр алған рухани көздері, ақындық мұрасы жайлы толық мағлұмат алды. Абайдың «Толық адам» ілімі туралы ғылыми-теориялық  толық мәлімет беріліп,  толық адам ілімінің жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудегі  орны көрсетілді.

Абай шығармашылығын мектепте оқытудың әдістемесін жасаған әйгілі ұстаз Қ.О.Бітібаеваның еңбектері мен оқыту технологиясына жіті назар аударылды. Абайтану пәнін мектепте оқытудың өзекті мәселелері мен алдағы қойылар міндеттері қарастырылды. Курс әр мұғалімнің Абайтану пәні бойынша шағын сабақтарын қорғаумен аяқталды.

Абай алып мұхит болса, біз соның бетінде әлі қалқып жүрміз.  Абай шығармашылығын оқыту аса қиындық туғызатыны рас. Ойымызда жүрген көп сауалдарымызға жауап тауып, теориялық терең білім алып, Абай ілімімен қайтадан сусындадық. Курс барша мұғалімдер үшін аса құнды әрі маңызды болды. Осы курсты ұйымдастырған С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Кәсіби даярлық және  біліктілікті арттыру  ресурстық орталығының директоры Келгембаева Бақытжан Бекенқызына және «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Картаева Айжан Маратбекқызына ризашылығымызды білдіреміз.

Кемелханова Гүлсім,   

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 орта

мектеп КММ» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ
× You found a Typo