Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де «Адам құқықтары және фундаменталды бостандық саласындағы халықаралық стандарттарды қолдау» семинар өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де "Адам құқықтары және фундаменталды бостандық саласындағы халықаралық стандарттарды қолдау" жобасы шеңберінде ҚР-ғы Адам құқықтары жөнінде өкілетті органның адам құқығы саласындағы семинардың бірінші күні өтті. 

Алғаш болып С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген сөз сөйледі. Университет серіктестерін таныстырған ол, өткізіліп жатқан семинардың маңыздылығы туралы айтты. Семинардың бірінші күні "Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы және бірлестік азаттығы. ҚР халықаралық стандарттар мен Заңнама", " Адам құқығын ұлттық және халықаралық дәрежеде қорғау механизмдері", "Өмір сүру құқығы" және т.б. тақырыптар қаузалды. 

Екінші күні "Адам құқықтарын және қорғау механизмдерінің концепциясы. Халықаралық стандарттар мен халықаралық озық тәжірибелер контексінде адам құқықтары саласындағы ұлттық институттарды дамыту және жетілдіру", "Ұлттық алдын алу тетігінің қазақстандық моделі", "Қоғамдық бақылау және оның түрлері. Ұлттық алдын алу тетігінің қазақстандық моделі", "Халықаралық стандарттар контексіндегі әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар". 

Семинар барысында іскерлік ойындар өткізу жоспарлануда, сондай-ақ, семинар соңында сертификаттар табысталады. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo