Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де академиялық адалдықты насихаттау жұмыстары жүргізілуде

«Саналы ұрпақ» фронт-офисінің жұмысынң шеңберінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де академиялық адалдық және азаматтық позиция белсенділігін насихаттау жұмыстары жалғасады.

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Байыркенованың айтуы бойынша,  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де академиялық адалдық және азаматтық позиция белсенділігін насихаттау жұмыстары жалғасады. Ол үшін барлық жағдай жасалған, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу технологияларының зертханасы», «Адалдық дүкені», «Адалдық кітапханасы» бар, сонымен қатар, студенттерге арнайы оқу курстары, ал оқытушыларға тренингтер мен семинарлар әзірленді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың жазында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Агенттігімен бірлесіп, М.С. Нарикбаев атындағы ҚазГЮУ негізінде «Adal bilim» жобалық офисін ашты. Бұл мемлекеттік жемқорлықтың алдын-алу саясатын жүзеге асыруға бағытталған тағы бір жоба.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo