Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де академиялық еркіндікке жету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде

Университеттердің академиялық еркіндікке жету жолындағы маңызды қадамдардың бірі, олардың мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғамға ауысуы.

Академиялық еркіндікке жету жолында университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналуы; Бақылау Кеңестерін құру; ректорлардың көпшілік алдында есеп беруі; ЖОО-дың шетелде филиалдар ашуы; стартап-компанияларды құру; оқу орнына қабылдау тәртібін анықтау сынды қадамдар маңызды рөл атқарады.

- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де автономдық алу үшін мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Академиялық еркіндікті кеңейтудегі негізгі аспектілер: білім беру бағдарламаларының мазмұнын еңбек нарығына сәйкестендіру мүмкіндігі, аймақта сұранысқа ие болатын, жаңа білім беру бағдарламаларын құру, - деп хабарлады Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінде. 

Естеріңізге сала кетейік, сәтті жүргізілген реформалардың көрсеткіші ретінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы болып табылады. Негізгі мақсаты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78-ші қадамын жүзеге асыру. Онда Назарбаев университетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту және халықаралық практикаға сәйкес жеке жоғары оқу орындарын коммерциялық емес ұйымдарға трансформациялау көзделген.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo