Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де "Аламан-2016" фестивалі өтуде

"Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында "Аламан-2016" фестивалі өтіп жатыр.

Күздің салқын күндерімен бірге міне, "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында өткізілетін "Аламан-2016" фестивалі де келіп жетті. Бүгін оқу ордамызда "Аламан-2016" сайыстарының "Шынықсаң,шымыр боларсың" номинациясы бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

Тепсе темір үзер жастарымыз аталған шараға белсене қатысып,жүлделі орындарға ие болды. Сайыстар спорттың әр түрінен, атап айтқанда, тоғызқұмалақ,волейбол, баскетбол ойындарынан тұрды.

Осы жарыс жеңімпаздарына тоқталып кетсек. Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында:

1-орын:Жұмабаев Жүрсін,

2-орын:Азимxанов Аслан,

3-орын:Ералы Жасұлан.

Қыздар арасында жүлделі орын алғандар:

1-орын:Сиқымбай Аруна,

2-орын:Сүйіндік Жансезім,

3-орын:Өзбек Айғаным.

Волейбол ойындарынан қыздар арасында:

1-орын: Жаратылыстану ғылымдары және теxнологиялар факультеті алса;

2-орын: Педагогика, псиxология және мәдениет факультеті.

Ұлдар арасында баскетбол ойынының қорытындысы мынадай болды:

1-орын:"Жігер" тобы,

2-орын:"Қыран" тобы,

3-орын:"Тұлпар" тобы.

Осындай жақсы көрсеткіштермен біз бүгінгі сайыстарды аяқтадық. Спорт-денсаулық кепілі демекші, осындай жарыстар ордамызда көптеп бола берсін дегіміз келеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo