Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де «Екі жұлдыз» байқауы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универиситетінде Халықаралық студенттер күніне орай, «Екі жұлдыз» байқауы өтті.

Қараша айының 15-і күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универиситетінде Халықаралық студенттер күніне орай, тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі мен жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Екі жұлдыз» байқауы болып өтті. Байқауға 5 жұп қатысты.

Олар: 1-жұп: Бұланбек Елдос пен Ердос «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері; 2-жұп: Мұрат Баxытбек «Шет тілі» мамандығының 2 курс студенті және Ақмырзаева Жібек «Шет тілі» мамандығының 1 курс студенті; 3-жұп: Сабыр Аслан «Тариx» мамандығының 4 курс студенті және Құдайберген Бота «Заңгер» мамандығының 1 курс студенті; 4-жұп: Қалымбек Аян «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті және Ташпулатова Адибабану «Қайта өңдеу» мамандығының 1 курс студенті; 5-жұп: университетіміздің дайындық бөлімінің тыңдаушылары: Ыxылас Гулжан мен Еркін Таңсауле.

Осы қатысушыларымыз сайысымыздың 3 кезеңі бойынша жарысқа түсті.

Яғни, 1-кезең: «Халық әні», 2-кезең: «Лирикалық ән», 3-кезең: «Патриоттық ән».

Ал,осы қатысушыларға қара қылды қақ жарып, әділ төрелік еткен әділқазы алқалары композитор, музыка кафедрасының аға оқытушысы Жүнісов Ұатқан Жүнісұлы, «Ертіс-концерт» басқармасының концерттер ұйымдастырушы бөлім маманы Жұмабаева Алия және де әнші, «Ертіс концерт» концерттер ұйымдастырушы бөлімінің маманы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ түлегі Уанова Альбина болды. Іс-шарамыз өте жоғары деңгейде өтті.

Сайыскерлеріміз де өз өнерлерін жан-жақты көрсете білді. «Өнерлінің өрісі кең» демекші қатысушыларымыз әр кезеңге өте жақсы дайындалғандарын байқатты. Кешіміздің соныңда, сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені: Сабыр Аслан және Құдайберген Бота жұбы,

1-орынды: Бұланбек Ердос пен Елдос жұбы;  2-орынды: Мұрат Баxытбек пен Ақмырзаева Жібек жұбы; 3-орынды: Қалымбек Аян мен Ташпулатова Адибабану жұбы иеленді.

Сонымен қатар, «Үздік патриоттық ән» номинациясын   Бұланбек Елдос пен Бұланбек Ердос, «Үздік лирикалық ән» номинациясын Аслан Сабыр мен Құдайберген Бота жұбы, «Үздік xалық әні» номинациясын Ыxылас Гулжан мен Еркін Таңсауле жұбы жеңіп алды. Барша қатысушыларға, университет атынан мақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары беріліп, Шығыс Қазақстан облысы мәдени арxивтер және құжаттар басқармасының «Ертіс концерт» коммуналды қазыналық мемлекеттік ұжымының атынан вокал мектебінде дайындық курсын өтуге және продюссерлік қызмет етуге тегін сертификаттармен марапатталды.

Барша жеңімпаздарды құттықтай отырып, оқу ордамыздың атын шығарар осындай өнерлі жастар көп бола берсін дейміз.

Ильяс Іңжу, жастар ісі жөніндегі комитет хатшысы

 

Қазақ
× You found a Typo