Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Инклюзивті білім: тәжірибе, көкейкесті мәселелер, даму болашағы» ғылыми-әдістемелік семинары өткізілді.

Бүгінгі күні инклюзивті білімді енгізу Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Инклюзивті білімді енгізудің негізгі міндеттері 2011-2020 жж. арналған ҚР Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында белгіленген. Инклюзивті білім әр түрлі қажеттіліктеріне, денсаулықа қаулары және басқа мәселелеріне қарамастан, әрбір балаға өз әлеуеті мен білім алу құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.

Өскемен қ. Білім беру басқармасының қолдауымен семинарды Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Біліктілікті бекіту орталығы мен психология және коррекциялық педагогика кафедрасы бірлесіп ұйымыдастырды.  

Ұйымдастырушылардың пікірінше бүгінгі күні өңірде инклюзивті білімді дамыту мәселесінің көкейкесті мәселелерін, жағдайымен тәжірибесін және болашағын ашық түрде талқылау маңызды болып табылады.

Семинар жұмысы инклюзивті білімді енгізу мәселесі бойынша баяндама оқу, тәжірибе алмасу үшін сұхбат тасуалаңына айналды. Семинарға ШҚМУ психология және коррекциялық педагогика федерациясының оқытушылары, өңірде инклюзивті білім жүйесіне басшылық жүргізетін мемлекеттік құрылымдар өкілдері, Өскемен қ. Арнайы және коррекциялық мекемелерінің маман-тәжірибешілері, инклюзивті білім беру мекемелерінің педагогтары және басқа қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты. Инклюзивті білімді енгізу бойынша өз тәжірибесімен Новосибирск қаласының мектепке дейінгі мекемесінің өкілдері бөлісті.

Семинардың ұйымдастырушылары семинар жұмысының тәжірибелік шешімдердің, ұсынымдардың қабылдануына және біздің қоғамымыздағы инклюзивті үрдістерді ілгері жылжытуға ықпалын тигізетініне сенімді.

Біліктілікті бекіту орталығы,

психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo