- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Аталмыш отырыста С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2016-2017 оқу жылдарының қорытындысы және 2017-2018 оқу жылдарына қойылатын мақсаттар талқыланды.
Ректордың м.а. И.В. Ровнякова баяндама жасап, Астанада өткен Ректорлар кеңесінің отырысы туралы xабарлады.
Сонымен қатар, кеңесте тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің жұмысы, жазғы сессияның қорытындысы, жазғы қабылдау комиссиясының жұмысы мен магистрлік бағдарламалар мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде "Университеттің ең үздік педагогы 2017" байқауында жеңіске жеткен 6 үміткердің біреуін, ары қарай республикалық байқауға жіберу мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 65- жылдығына орай, бірқатар қызметкерлер ШҚО әкімдігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Баспасөз қызметі