Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды

5-19 маусымы аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында «Инклюзивті білім берудің негіздері» атты бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс тыңдаушылары ретінде Глубокий техникалық колледжі (Верхнеберезовка) және Өскемен қаласының №21 көмекші мектеп мұғалімдері қатысты.

Оқыту курсында психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары Аканова Ж.М., Барабанова Е.И., Дергачёва Е.В., Смаилова Ж.У.; №21 көмекші мектептің мұғалім-дефектолог Коваленко О.В., Өскемен қаласының «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларға арналған Орталық жетекшісі Нұрмухамет А.Қ. дәріс оқыды.  

Курстың негізгі мақсаты: қатысушыларды инклюзив бойынша арнайы білім беру ерекшеліктерімен таныстыру, мүгедек балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін меңгеру аясында қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптасттыру, инклюзивті мекемелер мен инклюзивті топтардың оқу процесін жобалау.

«Инклюзивті білім беру негіздері» курс бағдарламасы дәрістер және тәжірибелік оқыту, топтық жұмыс арқылы, сонымен қатар курс аяқталғаннан кейін өздік жоба жұмыстары ретінде қашықтықтан жүргізілді.

ББО, психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ

Tags:

× You found a Typo