Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де «Инклюзивті білім беру: оқыту технологиялары және қолдау» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті

12 қазанында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде екінші «Инклюзивті білім беру: оқыту технологиялары және қолдау» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар ұйымдастырушысы, психология мен коррекциялық педагогика кафедрасы, аймақтағы әлеуметтік инклюзия мен инклюзивті білім беруді енгізуге байланысты өзекті сұрақтарды талқылауға арналған ғылыми-әдістемелік семинарды екінші рет өткізіп отыр.

Заманауи қоғамда нақты шешімдерді қолдану мен өңдеуді болжайтын, әр адамға қоғамдық өмірге тең қатынасу мен лайықты білім алуды қамтамасыз ететін инклюзия ұғымын түсіну-маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Бүгінде Қазақстанда болып жатқан инклюзия қозғалыс процесстері, инклюзивті процесстердің өзіндік мәнін, әлеуметтік инклюзия мәселелеріне заманауи қоғамның көзқарасының өзгеруін, сонымен қатар, мүгедек жандарды, оқудың эффективті технологиясын жасап шығару мен белсенді іздеуді, білім жүйесінде балалар мен жасөспірімдерді қолдау түсінуді талап етеді.

«Инклюзивті білім: оқыту технологиялары және қолдау» атты екінші ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қатысқандар:

- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ психология және түзету педагогика кафедрасының оқытушылары, студенттері және магистранттары;

- Шығыс Қазақстан аймағында инклюзивті білім беру сұрақтарына жетекшілік ететін мемлекеттік құрылым өкілдері, ШҚО білім беру басқармасы (қамқор бөлімі, ШҚО ББ қамқорлық пен интернат ұйымдары, Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы, «Шығыс» ШҚО ББ аймақтық орталығы) және Өскемен қаласының білім беру бөлімі;

- Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының инклюзивті білім беру мекемелерінің басқарушылары мен педагогтары: мектепке дейінгі мекемелердің өкілдері (Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақшасы, №18 «Еркетай» балабақшасы, №62 сөйлеуінде ақауы бар балаларға арналған балабақша), қала мектептерінің педагогтары ( №4 орта мектеп, №9 орта мектеп, №15 орта мектеп, №16 орта мектеп, №22 орта мектеп, №37 көпсалалы орта мектебі, №42 орта мектеп, Меновное орта мектебі), әкімшілік колледжердің педагогтары мен өкілдері (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі, Глубокое техникалық колледжі, Шығыс-Қазақстан технологиялық колледжі, Семей қ.);

- аймақтың арнайы және түзету мекемелерінің басқарушылары мен практика мамандары (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп-интернаты, №21 көмекші мектебі, «Асыл Мирас» аутизм орталығы, ШҚО ББ Өскемен қаласының психологиялық педагогикалық коррекциялық кабинеті);

- «Өрлеу» ШҚО БАҰО бойынша педагогикалық жұмысшылардың квалификациясын жоғарылату Институтының курс тыңдаушылары мен басқарушылары.

Ғылыми әдістемелік семинардың қатысушыларына арналған құттықтау сөзді оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректор Ровнякова Ирина Владимировна бастады. Семинардың құрметті қонағы ретінде Халықаралық білім беру орталығы мен ғылыми ақпарат координаторы (Дюссельдорф қ, Германия), доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Кусаинова Маншук Аскаровна қатысты.

Екінші «Инклюзивті білім: оқыту технологиялары және қолдау» атты ғылыми-әдістемелік семинары жұмысы екі тематикалық бағытта құралды: теориялық, әдістемелік, оқу мен инклюзивті сүйемелдеу технологияларын тәжірибеде қолдануда Өскемен қаласы мен ШҚО ұйымдары тәжірибесі мен қоғамдағы инклюзия дамуының нормативті-құқықтық аспектілері.Семинар барысында қатысушылар өздерінің тәжірибелерін таныстырды, Шығыс Қазақстан аймағындағы әлеуметтік инклюзия мен инклюзивті білім беруді дамыту сұрақтары бойынша өзекті мәселелелері және пікірлерімен алмасты.

Смаилова Ж.,

Ғылыми-әдістемелік семинардың ұйымдастыру комитеті, психология мен коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo