Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де қайта кешенді тестілеу өткізілуде

Бірыңғай ұлттық және кешенді тестілеу тамыз айының 15-і мен 19-ы аралығында 40 университетте өткізіледі. Олардың қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де бар.

Қайта кешенді тестілеуге ақылы түрдегі оқуға түсу үшін, ҰБТ-да 50 балл жинай алмаған, бір немесе бірнеше пәннен 5 баллдан төмен жинаған талапкерлер қатысады.

Сонымен қатар, тестілеуге ҰБТ-ға қатыспаған мектеп түлектері, колледж түлектері, 14-18 маусым күндері қажетті балл жинай алмаған талапкерлер қатыса алады.

Тестілеу қорытындысы бойынша, апелляцияға өтініштер келесі күннің сағат 13-00 дейін қабылданады.

Тестілеу қорытындылары Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo