Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-де кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

29 наурызы күні психология, педагогика және мәдениет факультеті бітіруші түлектерге арналған жәрмеңке өткізді.

ЖОО студенттері облыс және қаладағы білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасу мақсатында өздерін таныстырып өтті, оқудағы өз жетістіктерімен де бөлісті.

Жәрмеңкеге факультеттің бітіруші түлектері, оқытушылар, кафедра меңгерушілері, білім беру ұйымдарының жетекшілері, психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетінің маманы, түзету жүйесі басқармасы департаментінің психологі қатысты.

Факультет деканы, м.ғ.к. Г.Б. Куленова, тәбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Г.К. Килыбаева  жәрмеңкеге қатысушыларды қарсы алып факультет деканы кіріспе сөз сөйледі. Кафедра меңгерушілері: С.А. Стельмах, В.В. Сунцов Е.А. Малахова, М.Д. Мужчиль дайындалатын мамандықтардың білім беру бағдарламасымен таныстырып және облысты педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету бағытында ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта екендерін атап өтті.

Жәрмеңкеге қатысушы облыс және қала мектептерінің директорлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, сондай-ақ спорт түрлері бойынша жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің директоры түлектерге өз қызығушылықтарын білдіріп, түйіндемелерін алып, байланыс ақпараттармен алмасты.

Факультет деканы Г. Куленова,

тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Г.Килыбаева

Қазақ
× You found a Typo