С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де ҚР Конституциясы күні қарсаңында «Қазақстан Республикасының Конституциясы-жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекет дамуының бағдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік істер Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің жетекшісі, этика жөніндегі кеңес төрағасы Жанна Қабдолдақызы, ШҚО Әділет департаментінің басшысының м.а., Ермек Қорабаев, ШҚО облыстық сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты Ельдос Жұмақсанов және т.б., қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына Ускюдар университетінің социология кафедрасының меңгерушісі (Ыстанбұл, Түркия), социология ғылымдарының докторы, профессор Абульфаз Давуд оғлы Сүлейманов қатысты.
Қатысушылар Қазақстанның конституциялық дамуының кейбір нәтижелеріне баға беріп, азаматтардың конституциялық құқығы мен еркіндігін ары қарай да қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
Фото https://cloud.mail.ru/public/52Wd/4hNgQkpDu
Баспасөз қызметі