- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27 наурыз күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де, маркетинг және университетке дейінгі дайыдық орталығының ұйымдастыруымен Өсу орталығының тыңдармандары үшін «Крокодил» зияткерлік ойыны өткізілді.
Ойынның негізгі мақсаты – команда мүшелерінің ұжымдағы өзара қарым-қатынасын бағалау, креативті ойлау қабілеттерін дамыту, байқау, логикалық есеп құру бейімділіктерін дамыту болып табылады.
6 кезеңнен тұратын ойын өте қызықты, әрі әсерлі болды. Ойын қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
А.Айтуғанова, тәрбие жұмысы және
әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы