С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Барлық білім беру бағдарламаларында кәсіпкерлік негіздері бойынша пәндер бар.
Олар - «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», «Кәсіпорын экономикасы», «Инновациялық экономика», «Кәсіпкерлік», «Кәсіпорындағы бизнес-жоспарлау», «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі», «Кәсіпорындағы тәуекел», «Туризмдегі кәсіпкерлік негіздері», «Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру», «Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу», «Мемлекет және бизнес».
Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылының 1-ші семестрінде ЖОО-ғы 917 студентке, 36 академиялық сағат оқытылды. Оның қорытындысы бойынша 129 жеке және ұжымдық бизнес-жобалар қорғалды. Айта кету керек, экономика және құқық факультетінің 12 оқытушысы «Атамекен» ҰПП ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Баспасөз қызметі